Автобус


Астана қаласы бойынша 50 адамнан тұратын топпен жол жүруді жоспарласаңыз, "Гранд Алем" көлік компаниясының тиімді ұсынысын пайдаланып, автобустарын жалға ала аласыз. Жоспарлы қаражатқа негізделе отырып, қойылған мақсатқа жету барысында Сіз бизнес және эконом класстағы автобустарды жалға ала аласыз. Астана бойынша үлкен топты тасымалдау кезінде мобильділік, жайлылық пен қауіпсіздік қасиеттері біріктіріледі.

Вокзалда немесе әуежайда елорда қонақтарын күтіп алу үшін трансфер қызметі ұсынылады.  

Астана қаласы бойынша экскурсия өткізу үшін ең тиімді шешім автобусқа тапсырыс беру болып табылады, себебі 50 адамнан тұратын топ үшін бұл қызметтің құны төмен әрі қолжетімді.

Астана қаласының сыртына жол жүру кезінде автобусты жалға ала отырып, Ақмола облысының қорық орындары және Қазақстанның тарихи, мәдени жерлері, шипайжалары бойынша достар, ұжымдастар, жақындарыңыз бен туысқандарыңыздың арасында өтетін саяхаттан ләззат алыңыз.

Өзінің қызметкерлеріне  қамқорлық көрсететін мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар, жыл бойы персоналды жеткізу және тасымалдау қызметін пайдаланады. Соның арқасында бүкіл ұйым, алдын ала әзірленген бағдар бойынша жұмыс істейтін орындарына уақытылы жеткізіледі.

Астана қаласы бойынша автобусқа тапсырыс беру үшін қызметтер құнына өтінім жібереңіз, сондай-ақ, байланыс деректерін енгізіп, кері қоңырауға тапсырыс беру арқылы барлық қажетті мағлұматты пайдалана аласыз.